Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 24 мамыр, 01:19

Жазғы маусымға дайындық барысы пысықталды

23.05.2025

17

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы «Ақтерек» сауықтыру лагерінде көшпелі отырыс өткізді. Отырыста лагерьдің жазғы маусымға дайындығы, санитарлық жағдайы және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Отырыс барысында лагерьдің ұйымдастырушылық және тазалық жұмыстары талқыланып, бірқатар ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, лагерьдің инфрақұрылымын жақсарту және балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру бағытында нақты шаралар ұсынылды.

Келесі мәселе аудан бойынша «Ауыл аманаты» жобасы талқыланды. Жиын барысында жобаның негізгі бағыттары, ауыл тұрғындарын қолдау тетіктері және кәсіпкерлікті дамыту жолдары сөз болды. Жоба — ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға, табысын көбейтуге бағытталған нақты бастама.

Комиссия отырысында кент және ауыл тұрғындарының таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі мәселесі талқыланды. Жиын барысында ауыз су жүйелерінің жағдайы, су сапасы, қолжетімділігі және алдағы уақытта шешілуі тиіс түйткілдер көтеріліп, нақты ұсыныстар мен жоспарлар ортаға салынды. Бұл мәселе — тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырудағы маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылды.

Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қайрат Алмасұлы Досымов алдағы уақытта , аталған өзекті мәселелерді шешілу жолын қарастыруды және бақылауда ұстауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: