Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:39

Жемқорлық – індет

29.03.2023

432

0

Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын сыбайлас жемқорлық әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып арнайы заң қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқа да жалпы жұрт таныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.

Лауазымды адамдар, қоғамдық және мемлекеттік қызметкерлер  парақорлыққа барса, заң алдында қатаң жауапқа тартылып, дүние-мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айырылады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізінде қоғамдағы парасаттылық идеологиясының да алар орны ерекше. Өйткені парасаттылық – әділдік, заңдылық, сатылмайтындық, адалдық сияқты құндылықтарды біріктіретін кешенді ұғым. Парасаттылық жүйесі мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығын, айқындығын көздейді. Парасатты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік әрбір адамның ішкі нанымына, ойлауы мен мінез-құлқының негізіне айналады. Ал парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде мемлекет пен азаматтардың серіктестігі, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда күш-жігерін біріктіру, қоғамның осы жұмысқа барынша тартылуын қамтамасыз ету түпкілікті маңызды рөл атқарады. Аталған тәсіл қоғамдық бақылауды іске асыру тетіктерін кеңейтуді көздейді, ол қоғамдық кеңестердің қызметімен ғана шектелмеуі тиіс. Осы тұрғыда «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру азаматтың ортақ міндеті болып табылады. Ол үшін ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындаға тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім және әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.

К.КАИПБАЕВА,

Жалағаш аудандық «Қазынашылық» басқармасының

бас маман-бас қазынышысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: