Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Жұма, 22 қараша, 02:55

Жеңісімді қайтыс болған құрбыма арнаймын – Әбиба Абужақынова

25.09.2023

403

0

Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан күміс медаль жеңіп алған Әбиба Абужақынова жүлдесін құрбысына арнайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрбысының суретін телефонынан көрсетіп, көзіне жас алған спортшының айтуынша, ол Қызылорда тас жолында көлік апатынан қайтыс болған.

«Жүлдемді көз жұмған жан құрбыма арнаймын. Жақында ғана өткен қырқына қатысып осында келдім. Онымен интернатта бірге оқығанбыз», деді Әбиба Абужақынова.

Еске салайық, Азиаданың алғашқы күнінде дзюдошы Әбиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: