Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

33°C

, Бейсенбі, 15 мамыр, 22:06

Жол жөндеу жұмыстары бақылауда

15.05.2025

15

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тілеуімбетовпен бірге Қызылорда қаласындағы «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын, Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді.

Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылып, аталған даңғылдың 6,7 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігер мекеме «УАД» ЖШС кеңейтілетін аумаққа асфальт төседі. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті тазаланып, 1,4 шақырымға жуық дамба нығайтылды, 1,4 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылды. Нысанды жақын уақытта аяқтау жоспарлануда.

Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі жол құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Ұзындығы 2,9 шақырым, қазіргі таңда 2,4 шақырымының астыңғы қабаты тазалап ашылды, ал 2 шақырым аумаққа тірек қабырғалары құйылуда.

Еске салайық, өткен жылы аймақтың жол инфрақұрылымын дамытуға қаржы бөлініп, 300 шақырымнан астам жол жөнделді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты. Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жалғасуда.

жол жөндеу жұмыстары.jpg
жол жөндеу.jpg
жол жөндеу 1.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: