Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 13:11

Жолдау – ел әлеуетін көтеруге жаңа бағыт береді

22.09.2022

367

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауда елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, саяси жаңғыруға, әлеуметтік саланы жетілдіру ұсыныстары ұсынылып, көпшіліктің мерейін өсірді. Осы мәселелермен қоса жаңа бастамаларды таныстырды.


Жолдау Президенттің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына негізделген Жаңа да Әділ Қазақстанды құру жөніндегі саяси шешімдерінің заңды жалғасы болып табылады. Яғни, еліміздің жаңа кезеңге жалпыұлттық референдумдағы саяси жаңғыру арқылы қадам басуы енді экономикалық өзгерістермен ұласуда.


Бұл тұрғыда Жолдаудағы негізінен әлеуметтік – экономикалық реформаларды жүзеге асыру жолдарын қамтитын 5 бағдар ерекше мәнге ие.
БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.
ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Білім беру жүйесі-ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рол атқарады деп атап көрсетті.
Мемлекет басшысы экономиканың негізгі бағыттарын дамытуға басымдық бере отырып, білім саласынада басты назар аударды.
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу бойынша балаларды балабақшамен қамтамсыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажеттелігін тапсырды. Жолдау туралы толыққанды насихаттау жұмыстарын жүргізі үшін «Мырзабай ахун ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Оспанова Сәлима және партияның аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамды кеңес мүшесі Бекмолдаева Гүлнар Жаңадария ауылында кездесу өткізді. Келелі кездесуге мұғалімдер, білім саласының ардагерлері қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: