Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 20:45

Жұмыс іздеп жүрсіз бе?

23.09.2023

390

0

Бүгінде аудандағы жастарға лайықты жұмыс тауып, жұмыссыздық деңгейін төмендету – ең басты өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін, білімі жоқ жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше назар аударуда.

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап жұмыс берушілерге Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыссыздарды таңдау құқығы берілді. Мәселен, бос жұмыс орындары туралы мәліметтер электронды еңбек биржасы ақпараттық жүйесі ар­қылы қолжетімді түрде ұсынылады. Ал болжанатын жұмыс орындары туралы мәліметтер «Жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы» ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылады.
Апта басында еңбек күніне орай ау­дандық «Мансап» ор­талығының ұйым­дас­тырумен «Бос жұмыс орындары жәр­меңкесі» өтті. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған ша­раға 40-қа жуық ауданның жұмыссыз тұр­ғыны қатысты.
Шараға аудандық аурухана, полиция бөлімі, «Ақмаржан» балабақшасы мен Қара­кеткен ауылдық округі әкімінің ап­параты, «Таң ЛТД», «Асар» ЖШС, «Home credit bank» және тағы басқа бөлім мамандары қатысып, аудан тұрғындарының көкейінде жүрген сауалдарын тыңдап, мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер жайлы кеңінен баяндады.
Жыл басынан бері алғаш рет ұйым­дас­тырылған жәрмеңкеге қатысушыларға аудан көлеміндегі жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелерден 22 бос жұмыс орн­ы бойынша сұраныстар түсті. Ау­дан тұрғындары арасындағы жұмыс­сыз­дық мәселесін шешу мақсатында ұйым­дастырылған жәрмеңке нәтижесінде жұ­­мыс іздеушілердің 22-сі 10 мекемеге тұ­рақ­ты жұмыс орындарына жолдама алды.
Аудандық жұмыспен қамту орталы­ғы­ның басшысы ұсынылатын бос жұмыс орындарын таныстырып, жұмыссыз жас­тарға да тиімді бағдарламалардың ба­рын айтып, сол бағдарламалар аясын­да атқарылған жұмыстарға да тоқталды.
– Биыл аудан жастары арасында жұ­мыссыздықты төмендету мақсатында бір­­қатар жұмыс атқарылды. Мәселен, жыл басынан бері бүгінге дейін тіркелген жұмыссыздар саны 1825 болса, жыл басынан бері тұрақты жұмысқа орна­лас­қандар саны – 422. Әлеуметтік жұмыс орындарына 37, жастар тәжірибесімен 184, қоғамдық жұмысқа 930, ұрпақтар келісімімен 4, алғашқы жұмыс орнымен 15 жас, күміс жас жобасына 23 жас жіберілді. Сондай-ақ 72 жас мемлекеттік грантқа қол жеткізсе, мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмысқа 375 жас орналасты, – деді орталық директоры Ғалымжан Телібаев.
Қатысушылар аталған қызмет ұсы­нушы мекемелер өкілдеріне түрлі сұ­рақтарын қойып, әрқайсысына жеке жо­лығып, қажетті ақпараттар алды.
Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарымен қатар жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында көптеген кеңес берілді. Бұл шараны жұ­мыс­сыздар мен жұмыс беру­шілер ара­сын­дағы алтын көпір деуге бо­лады. Мұн­дай шаралардың жемісін көріп, жұмыс тапқандар да көп екен.
Сонымен қатар шара барысында қа­жетті жұмыс орындарын таңдау, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орын­­дары мен қоғамдық жұмыстарға қа­тысу, өз кәсібін ашуда мемлекет тара­пынан бе­рі­летін несие, аз қамтылған от­ба­сыға берілетін жаңа форматтағы атау­лы әлеуметтік көмек туралы кеңес берілді.

Ақтоты Бүркітбай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: