Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 07:35

Жыл үздіктері марапатталды

10.12.2024

116

0

Өңірімізде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту бағытында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүйелі жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында әлеуметтік жобалар, іс-шаралар, пән мазмұны мен қосымша білім беру саласы арқылы көрініс табуда.

Өткен аптада «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында облыс әкімінің жүлдесіне арналған «Сыр лигасы» жобасы жүзеге асырылды. Жоба оқушылар арасында өнер және спорт бағытында 8 сайыс түрі бойынша өткен.
Орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ұйым­дас­тырылған «Дебат» сайысында аудан абыройын арқалаған Мар­дан Байділдаев атындағы №232 орта мектеп оқушылары ІІ орын иеленген.
– Ең алдымен 15 қазанда ау­дандық кезең өтті. Оған 17 команда қатысты. Бұл кезеңде біз сүрінбей өтіп, облысқа жолдама алдық. Ал 8 команда қатысқан облыстық пікірталас алаңында бірқатар өзекті мәселе көтерілді, – дейді жетекші, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Берік Сәбитұлы.
Айта кетейік, аудан абыройын асқақтатқан командада №33 орта мектептің де оқушылары бар. Аталған мектептің оқушыларына ағылышын тілі пәнінің мұғалімі Бақберген Жанибай жетекшілік еткен. Нәтижесінде М.Байділдаев атындағы №232 орта мектепке 280 мың теңге көлемінде принтердің сертификаты табысталған.
Сондай-ақ дәл осы жобада «Мобилография» сайысынан қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі ІІ орын иеленген.
– Біз бұл сайысқа «Тарихи орындар» деген бағыт бойынша қатыстық. Видео түсіріп, монтаж­дауға оқушым Жансая біраздан бері қызығушылық танытып, мек­тепішілік шараларды түсіріп қабі­летін көрсетіп жүрген болатын. Сол қызығушылығының арқасында ау­дан­дық сайыста облысқа жол­дама алдық. Облыстық кезеңде тек 4 оқушының жұмысы ерекше баға­ланып, «Сыр лигасы» жобасының Жайдарман ойынына шақырылды, – дейді жетекші Ұлжан Досқалиева.
Оның айтуынша, мұндағы мақ­сат – қатысушылар арасынан үздіктерді анықтау. Жайдарман ойынын 4 қатысушы толық тү­сіріп, 15 минуттың ішінде монтаждап әділ-қазыларға ұсынған. Нәтиже­сінде қазылар алқасы Жансая Ға­лым­жанқызының жұмысын жо­ғары бағалап, ІІ орынға лайық деп таныған. Сондай-ақ 300 мың теңге көлеміндегі ноутбукты сыйға тартқан.
Айта кетейік, Жансая Ғалым­жанқызы – озат оқушы, мек­тептегі Парламент мүшесі. Білім бәйгелері мен қоғамдық шараларға белсене қатысып жүр.
Сонымен қатар «Сыр лига­сының» жайдарман сайысында да жалағаштық жастар топ жар­ған. Зейнолла Жарқынбаев атын­дағы №202 орта мектептің оқушыла­ры­нан құралған «Дәуімбай құрамасы» үздік үштікті түйіндеп, 180 мың теңге көлеміндеі музыкалық ко­лон­ка еншілеген.
Өздеріңіз білетіндей, «Дәуімбай құрамасы» бұған дейін бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінген. Яғни арнайы жобаларда да төбе көр­сетіп, Тасбөгет кенті әкімдігінің кубогын да иеленген. Сондай-ақ ау­дан да өткізілген жайдарман ойы­нында 3 жыл қатарынан чем­пион атанған. Ал кешегі «Сыр лигасына» әр ауданның намысын қорғап 8 команда қатысқан. Оқушы бойындағы шығармашылықты шың­­­­­дап оны дамытып, үздік­сіз оқу­ға, білімге деген құлышы­нысын арт­­тыруда ұлағатты ұстазда­ры­мыз­­дың еңбегі ерен.

Ақтоты БҮРКІТБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: