Қазақстандық спортшы Зульфия Чиншанло Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 55 келі салмақ дәрежесінде алтын медальға қол жеткізді. Биатлонның қорытындысы бойынша ол 220 (95 + 125) келі көтерді.
Екінші орында 210 келі көтерген қытайлық спортшы Линглу Лю. Үздік үштікті Нигора Абдуллаева (Өзбекстан) 193 келімен жапты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!