Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңдегі нәтижесі бойынша кандидаттар 50% дауыс жинай алмады. Енді жеңімпаз 28 мамырда өтетін екінші кезеңде анықталады. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Тернер мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.
Сайлау комиссиясы Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңі болатынын растады. Комиссия төрағасының айтуынша, дауыстарды санау толығымен аяқталды. Бірінші кезең қорытындысы бойынша кандидаттардың ешқайсысы 50%-дан артық дауыс жинай алмады. Сол себепті сайлау екінші кезеңге ұласады.
ОСК мәліметінше, елде сайлаушылардың сайлауға қатысуы 88,92% және шетелде 52,69%-ды құраған.
Еске салайық, 14 Мамырда Түркияда президент және парламент сайлауы өтті. Президенттікке 20 жыл билікте отырған қазіргі президент Режеп Тайип Ердоған, 6 партия атынан кандидат болған Кемаль Кылычдароглу және коалиция өкілі Синан Оган үміткер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!