Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:05

Жалағаш ауданының әкімі құрылыс нысандарын аралады

09.09.2023

429

0

Қызылорда облысы аумағындағы тазалық мәселесі аймақ басшысының күн тәртібінен түскен емес. Сыр өңірінің келбеті іспеттес негізгі жолдардың да таза болуы маңызды.

Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Темірбекұлы Жалағаш ауданы аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің тазалық жұмыстарын көрді.

Іс-сапар барысында Аққұм, Еңбек, Бұқарбай батыр және Таң ауылдық округтерінің маңында орналасқан аялдамалармен кәсіптік нысандардың таза болу қажеттігін айтты.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің тазалық жұмыстарын пысықтаған аудан әкімі Асқарбек Есжанов, Жалағаш кенті орталығының абаттандыру барысымын танысты. Орталық алаңға төсеніш орналастыратын орынды тегістеу жұмыстары басталғанымен, мердігер мекемеге жобаны сапалы әрі жылдам аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталғандықтан, нысанның ішкі жұмыстарын үйлестіру керек екендігін айтты.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 50 тұрғын үй сатып алатын болады. Осы орайда аудан әкімі жеке кәсіпкерлер арқылы аудан орталығынан салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты.

2023 жылдың мамыр айында басталған аспалы көпір құрылысы аудан әкімінің назарынан тыс қалған емес. Аспалы көпір құрылысының бүгінгі күнге дейінгі аяқталған жұмыстарымен танысқан Асқарбек Есжанов, халық игілігі үшін жасалған ауқымды жобаны уақытылы  аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Аудан бойынша тазалық жұмыстарымен танысып, бірқатар нысандарды аралаған аудан әкімі Асқарбек Есжанов, іс-сапар барысындағы тапсырмалардың орындалуын аудан әкімінің аппарат басшысы Ержан Қайнарбаевқа жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: