Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:29

Министр көше мен елді мекеннің атауын өзгертуге қатысты: тұрғындар өздері шешеді

13.09.2023

327

0

Көшелер мен елді мекендердің атауын өзгертуге қатысты шешімді жергілікті тұрғындар өздері қабылдауы керек, деп мәлімдеді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Министр биыл мамыр айында қабылданған бұйрыққа қатысты түсініктеме берді. Осы құжат бойынша көше мен ауыл атауларын өзгертуге қатысты шешімді жергілікті тұрғындар қабылдайды.

«Ономастика мәселесі біздің еліміз үшін әр уақытта өзекті мәселе болған. Қоғамымызда көшелер мен елді мекендердің атын ауыстыру бойынша бастама да, ұсыныс та көп. Соның бәрі әлеуметтік желіде болсын, қоғамда болсын, белсенді талқыланып жатады. Ол ұсыныстарға қарсы азаматтар да аз емес. Алайда осы мәселені сол елді мекендердің тұрғындары емес, көбінесе, жеке белсенділер көтеріп жүреді. Дауласатын да, жауласатын да солар. Сондықтан біздің министрлік бұл мәселе бойынша арнайы бұйрық шығарды. Оған сәйкес, көше мен мекендердің атауларын өзгерту, я өзгертпеу мәселесін ең бірінші сол жергілікті жерлерде тұратын азаматтардың өздері шешуі керек. Ол ең бірінші солардың құқығы», – деді Балаева Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.

 Sputnik Қазақстанға

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: