Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.
Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!