Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

33°C

, Дүйсенбі, 03 тамыз, 17:00

Қызылордада 5547 әскери бөлімінің сарбаздары «Отбасы құндылықтары – ұлт болашағы» атты рухани-мәдени шараға қатысты.

03.08.2026

6

0

Қалалық мәдени-демалыс паркінде «Отбасы құндылықтары – ұлт болашағы» атты ашық аспан астындағы тағылымды мәдени шара өтті. Шаңырақ берекесін арттырып, ұлттық тәрбие мен дәстүрді дәріптеуге бағытталған рухани кешке ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің жеке құрамы мен жас сарбаздары арнайы қатысып, патриоттық рух танытты.

Кеш барысында елге белгілі зиялы қауым өкілдері, теолог-дінтанушы Б. Оспанов, «Құрмет» орденінің иегері, ақын М. Байдәулетов, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері М. Ниязов және ҚР Мәдениет саласының үздігі, жырау М. Сүгірбай сөз сөйлеп, отбасы институтын нығайту, әке мәртебесі мен ана қадірі төңірегінде терең ой қозғады. Шара аясында әуезді әндер шырқалып, термелер мен жүрекке жетер жырлар орындалды.

Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 5547 әскери бөлімінің жас сарбаздары үшін бұл кеш ұлттық құндылықтарды бойға сіңіріп, рухани азық алатын тағылымды кездесуге айналды. Кеш соңы ел ағасы Келдібай Бектұрғановтың арнайы берген ақ батасымен қорытындыланды.

Қызылордада 5547 әскери бөлімінің сарбаздары «Отбасы құндылықтары – ұлт болашағы» атты рухани-мәдени шараға қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: