Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:53

Нұрсұлтан Тұрсыновқа жүлде емес, жолдама бұйырды

25.09.2023

252

0

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Дүниежүзілік доданы грек-рим күресінің балуандары түйіндеді. Өкінішке қарай грек-рим күресінің балуандары жаппай жығылып, жүлдесіз қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік доданың соңғы күнінде  белдесуге түскен  Нұрсұлтан Тұрсынов 87 келі салмақта жартылай финалға шықты. Іріктеу кезеңінде Италия, Оңтүстік Корея елінің балуандарын жығып, ширек финалда  Азияның үш дүркін чемпионы Иран балуаны Насыр Әлизадені ұтты. Одан кейін әлем чемпионатының қола жүлдегері түрік Әли Жеңгізге есе жіберді. Қола  медаль үшін белдесуде украин балуаны, әлемнің екі  дүркін чемпионы, Токио жазғы Олимпиадасының қола жүлдегері Жан Беленюктен аса алған жоқ. Нұрсұлтан келесі жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасы үшін өткен белдесуде Әзербайжан балуаны  Ислам Аббасовты айқын басымдықпен (8:0) ұтып, қоржынға жолдама салып берді.

«Нағыз бабымда бардым деп айта алмаймын, қателік жібердім, төрттағанда осал екенмін. Бұйырғаны жүлде емес, жолдама болды, өкінемін әрине, еліміздің мерейін асырсам деп келіп едім», деді Нұрсұлтан белдесуден кейін.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: