Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 09:29

Нотариусқа барудың қажеті жоқ: eGov-та жаңа қызмет іске қосылды

25.09.2023

461

0

Қазақстанда ерлі-зайыптының нотариаттық келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz  әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап жаңа қызмет eGov Mobile платформасында қолжетімді. Осының арқасында ерлі-зайыптының нотариаттық келісімін ресімдеу процесі жеңілдей түседі. Бұдан былай нотариусқа жүгінбей-ақ, қажетті келісімді жылдам әрі ыңғайлы түрде ала алады.

«Процесс биометриялық сәйкестендірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді. Онлайн форматтың артықшылығы – нотариусқа жүгінуге кететін уақыт пен шығынды үнемдеу, сондай-ақ өзіне ыңғайлы мерзімде алу мүмкіншілігі», – дейді мамандар.

Нотариаттық қызметті онлайн форматта алу тәртібі:

«eGovMobile» платформасында тіркелу;

өтініш нысанын толтыру және биометриялық тексеруден өту;

бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеу;

нотариустың қызмет ақысын төлеу.

Дайын құжат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: