Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында 2 қазан күні Қазақстан спортшылары бір алтын, екі күміс, төрт қола, барлығы жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алтын медальді сапында Тимур Хайдаров пен Сергей Емьянов бар Қазақстан командасы Жапония мен Иран спортшыларынан озып, 500 метрге каноэде есуден жеңіп алды.
Күміс медальдарды ұлттық құрама қоржынына ескек есуден екі әйелдер командасы салды: Мария Бровкова мен Руфина Искакова (каноэ, 500 м), сондай-ақ Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова (байдарка, 500 м).
Қола медальдарды Кирилл Тубаев (байдарка, 1000 м) және Тимофей Емельянов (каноэ, 1000 м), гимнаст Виктория Бутолина (батут), және Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Дэвид Ефремов, Аделина Земс 4×400 метрлік аралас эстафетада ұтып алды.
Азия ойындарының 9-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қоржынында 4 алтын, 7 күміс және 27 қола медаль бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!