«Қазгидромет» 1-3 тамыз аралығында елімізде 40 градусқа дейін аптап ыстық болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Ел аумағының басым бөлігінде қалыптан тыс аптап ыстық сақталады. Жауын-шашын негізінен жергілікті сипатта болып, қысқа мерзімге жауады. Тек еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.
«Ең жоғары ауа температурасы еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталық облыстарында күтіледі. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +35…+40 °C-қа дейін көтеріледі. Ал батыс өңірлерде 1 тамыздан бастап ауа райы өзгере бастайды. Ауа температурасы біршама төмендегенімен, климаттық нормадан жоғары деңгейде сақталады», делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!