Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:13

Қызылордада иттердің көмегімен 46 қылмыс ашылды

05.10.2023

288

0

Биылғы жылдың 1 маусым-30 қазан аралығында республика көлемінде өтіп жатқан «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша облыс орталығына және басқа облыстармен шекаралас Арал және Жаңақорған аудандарына бекеттер қойылып, екі ауысыммен есірткі затын анықтау мақсатында жұмыстар атқарылуда.          

Аталған бекеттерде кинолог мамандар өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен бірлесіп, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында қызмет атқаруда.  

Бүгінгі күні бекеттерде қызметтік іздестіру иттерін қолдану арқылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 22 қылмыс анықталып, айналымнан 26 келі 458,34 грамм  «марихуана» тәркіленді.  

09.09.2023 жылы «Шымкент-Самара» тасжолының бойындағы Арал бекетінде Атырау облысы тұрғынының басқаруындағы «Тойота-Ипсун» автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көлік ішіндегі жолаушыларға тиесілі сөмкеден сараптама қортындысына сәйкес салмағы 25 келі 187,41 грамм «кептірілмеген марихуана» алынған.

Сонымен қатар, 27 қыркүйекте «Қызылорда-Түркістан» тасжолының бойындағы Белкөл бекетінде Қызылорда қаласы тұрғынының басқаруындағы «Шевролет кобальт» автокөлігі тоқтатылып, қызметтік іздестіру итін қолданып тексеру барысында сөмкеден сараптама қортындысына сәйкес салмағы 1033,45 грамм болатын есірткі заты «кептірілген марихуана» табылды.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері  жүргізілуде.

Жалпы жыл басынан бері қызметтік іздестіру иттерін қолдану арқылы 46 қылмыс ашылды. Олар негізінен ұрлық және есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар.

image-05-10-23-04-34-1.jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: