Бүгін партияның Жалағаш аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Қайрат Досымов төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысының жұмыс барысы туралы Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Ерболдың хабарламасы тыңдалды.
Сонымен қатар, отырысқа арнайы «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысты.
Мердігер мекеме «Гулнур МК» ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстары қазіргі таңда металл бұйымдарын құрастырып, сырлау жұмыстары жүргізіліп, құруға дайын тұр. Көпірдің екі бетіне бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Техникалық қадағалаушы «Altimus» ЖШС күнделікті құрылыс басында өзіне жүктелген міндетті атқаруда. Халықтың сұрасына сай құрылыс жұмысы уақытылы аяқталатын болады Жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде, қазіргі күні жұмыстың 60 пайызы аяқталды – деді бөлім басшысы Ғабит Ербол.
БАҚ беттерінде аспалы көпір салу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Теміржолдан өтем деп зардап шеккен тұрғындарда болғаны жасырын емес. Қазіргі күні аталған нысан жұмысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Ендігі кезекте уақытылы аяқталуын ғана емес басты мәселе сапасына көңіл аудару қажет. Сонымен қатар, партиялық бақылау комиссиясының жұмысын ілгерілету мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға әлеуметтік желі арқылы да түсіндірме жұмыстары болуы қажет. Аспалы көпір, жол құрылысы жалпы құрылыс жұмыстарының сапалы аяқталуына бірінші кезекте біздер жауапты боламыз – деді Қуат Ахетов.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша жиынға қатысушылар сұрақтар мен сауалдарын жолдады. Түскен ұсыныстар жауапты мекемелерге жолданып, алдағы уақытта партия назарында болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!