Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Сенбі, 21 қыркүйек, 02:33

                     «ҮЛГІЛІ ҮЙ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

10.10.2023

299

0

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі 2023-2024 жылдың қысқы жылу маусымына аудан аумағында орналасқан жеке жылу беру жүйелерін қолданатын көпқабатты және жеке тұрғын үй иелеріне құрылғыларды қауіпсіз пайдаланып, газбен уланудың алдын алу және тұрмыстық өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар болмау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіліп келеді.     

Осы орайда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Үлгілі үй» байқауы өтті. Байқауға ауданда орналасқан көпқабатты тұрғын үй иелері қатысты. Байқаудың басты мақсаты – тұрғын үйлерде өртті болдырмау болып табылады. Байқау барысында аудан орталығында орналасқан Үркімбаев көшесіндегі көпқабатты үй тұрғыны Бағила Іздібаева «Үлгілі үй» байқауына белсене қатысып, жылу беру маусында төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс жасап үздік нәтижеге көрсеткені үшін арнайы бөлім бастығы Е.Назарқұловтың алғыс хатымен марапатталды.

Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: