Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:20

Ұлттық қордан 18 жасқа толған балаға түсетін ақшаның көлемі жарияланды

12.10.2023

406

0

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов 18 жасқа толған баланың есепшотында қанша ақша жиналатынын айтты, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.

Келесі жылдан бастап Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылады. Соның аясында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы есепшотына аударылады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде жылдық инвестициялық табыстың орташа мөлшері 5-6 процентті құрайды.

«Биыл жарты жылдың ішінде кіріс шамамен 5 проценттен асып тұр. Соның арқасында шығынның бір бөлігі өтелді. Алдағы уақытта осы оң динамика сақталады деп сенемін. Біздің есебіміз бойынша балалардың есепшотында 18 жасқа дейін 3,5 мың доллар (қазіргі курспен 1 668 730 теңге) жиналады», – деді Баймағамбетов сенаттың бүгінгі отырысында.

Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Себебі ұлттық банк оны бала 18 жасқа дейін толғанша инвестициялап отырады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.

Sputnik Қазақстан 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: