Қазақ халқы үшін құрылтай ұғымы ежелден ынтымақ пен бірліктің, ақылдасу мен келісімнің символы болып келеді. Ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерде жұрттың басын қосып, ортақ мәмілеге келу – ата-бабамыздан қалған тағылымды дәстүр.
Бүгінде бұл құндылықтар өз маңызын жоғалтқан жоқ. Құрылтай сайлауы – қоғамның дамуына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенділігін танытатын маңызды кезең. Әрбір адамның қатысуы қоғамдық келісімді нығайтуға және ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – бірлігі бекем, белсенді азаматтардың қолында. Сондықтан әрбір тұрғын маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауын жасауы қажет.
23 тамыздағы Құрылтай сайлауы – ел болашағына қосылатын ортақ үлес. Белсенділік танытып, азаматтық парызымызды абыроймен атқарайық. Бірлігіміз бекем болып, мемлекетіміздің өркендеуі жолындағы маңызды қадамдарға бірге атсалысайық.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!