Қазақ халқының ерекшелігі — қан тазалығын сақтауы. Ата – тегін, руын, қай жүзге жататынын білу əр қазақ үшін өте маңызды. Оған қоса, әр атаның атауын біліп жүрген де құба құп.
Ата-бабалардың қазақша атауы:
Баланың әкесі – әке.
Әкенің әкесі – Ата.
Атаның әкесі – Арғы ата.
Арғы атаның әкесі – Баба.
Бабаның әкесі – Түп Ата.
Түп атаның әкесі – Тек Ата.
Тек атаның әкесі – Тектін.
Тектіннің әкесі – Теркін.
Теркіннің әкесі – Тұқиян.
Тұқиянның әкесі – Түп тұқиян.
Ұлдың баласы – бала.
Ұлдың ұлы – немере.
Немеренің ұлы – шөбере.
Шөберенің ұлы – немене.
Немененің ұлы – шөпшек.
Шөпшектің ұлы – туажат.
Туажаттың ұлы – жұрежат.
Жүрежаттын ұлы – жекжат.
Жекжаттың ұлы – жұрағат.
Жұрағаттың ұлы – жамағат.
Жамағаттың ұлы – өркен.
Өркеннің ұлы – әулет.
Әулеттің ұлы – заузат.
Заузаттың ұлы – жаран.
Жаранның ұлы – қалыс.
Қалыстың ұлы – әлде қалыс.
Ал қыз балаларға келер болсақ:
Қыздың баласы – жиен.
Жиеннің баласы – жиеншар.
Жиеншардың баласы – дегеншар.
Дегеншардың баласы – көгеншар.
Кегеншардың баласы – көбеншар.
Көбеншардың баласы – тебеншар.
Тебеншардың баласы – қаймана.
Қазақ халқы осылайша жеті атаға дейін жүйеленеді. 0,7 және 0,7 бірліктегі адамдардың балалары сап-сау болады. Егер 1,5 және 1,5 болса, ауру бала дүниеге келеді.
Қазір генеологтар адамның 100% қанын былайша есептейді:
50% әкесінін қаны;
25% атасының қаны;
12,5% арғы атасының қаны;
6,25% бабасының қаны;
3,125% түп атасының қаны;
1,5625% тек атасының қаны;
0,78125% тектін атасының қаны бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!