Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:09

Қазақстанда ресми түрде екі мереке бекітілуі мүмкін

19.10.2023

303

0

Ашық НҚА порталында жарияланған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық-жобасына сай, енді 1 ақпан елімізде Азаматтық авиация қызметкерлерінің мерекесі болады.

«Бүкіл ел бойынша әуежайларда, авиакомпанияларда және «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК-де 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Алайда, бүгінгі күні авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуге және осылайша мұндай мерекенің болмауына байланысты кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай авиация саласына жататындығын сезінуге мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты Қазақстанда мерекелік күндер тізбесінің құрылымына жаңа мерекелік күн, авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің күні – 1 ақпан енгізіледі», – деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Сонымен қатар тиісті құжатпен тағы бір жаңа мереке – Бұрғылаушы күні бекітілмек. Ол қарашаның үшінші сенбісінде аталып өтеді.

«Саладағы кәсіби деңгейдің дамуына үлес қосатын жалпы мамандықтардың бірі – бұрғылаушы. Бұл мамандық бүгінде Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндіру, уран және басқа да өндіру секторларындағы мыңдаған адамдарды қамтиды. Сондықтан геологтар мен мұнайшылардың да, бұрғылаушылардың да еңбегіне құрмет көрсету, Қазақстанның кәсіби мерекелерінің тізімінде бұрғылаушылар күнін атап өту және осындай күрделі кәсіп қызметкерлерін құрметтеудің жаңа дәстүрін енгізу орынды. Осыған байланысты қарашаның үшінші сенбісін – Бұрғылаушылар күні деп белгілеу ұсынылады», – делінген бұйрықта.

Құжат 2 қарашаға дейін көпшілік талқылауда болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: