Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:54

Қате есептелген қаражатты қайтару үшін қайтпек керек?

23.10.2023

238

0

            «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – eGov.kz порталында артық  қате төленген әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген  сомаларын  қайтару бойынша жаңа қызметтерге қолжетімді екендігін хабарлайды.

            Қате есептелген қаражатты қайтару үшін жұмыс беруші eGov.kz порталында өтініш беру керек. Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша жаңа қызметтер жеке кәсіпкерлер болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.

            Соманы қайтару туралы өтінішті Порталда жұмыс берушінің өзі ақша кате есептелген қызметкерлердің атына жібереді. Міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару үшін бір өтінішті тек  10 қызметкерге дейін  бере алады. Егер сома одан да көп адамдарға түскен болса, онда тағы біреуін толтыру керек.

            Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару бойынша өтініш беру процесі ұқсас, бірақ бұл қызметте өтініш беруші бір уақытта 20 қызметкерге дейін өтініш бере алады.

            Жаңа қызметтер «Азаматтарға» – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Зейнетақымен қатамасыз ету» бөлімінде қолжетімді. Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтаруға өтініш        беру үшін пайдалушыға: 

  • авторизациядан өту қажет;
  • жұмыс берушінің БСК мен ЖСК енгізу керек;
  • «Төлем тапсырмасының деректемелерін» көрсету керек;
  • көрсетілген деректерді тексеру;
  • қайтаруды жүзеге асыратын қызметкерлерді таңдау;
  • қайтару сомасын және қайтару себебін көрсету;
  • «Ақша қаражатын қайтаруға арналған деректемелерді» көрсету;
  • таңдалған қызметкерлерге келісу туралы өтініш жіберу керек.

Қызметкерлерге (соманы қате есептегендерге) eGov.kz порталының жеке кабинетінде өтінімге келісім беріп, қол қою қажет. Содан кейін өтініш берушіге мәртебелік бетте өтінімге қол қойып, өтінішті өңдеу нәтижесін күту керек.

Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтінім беру шарттары бірдей, тек бұл қызметте қызметкердің келісімі талап етілмейді және қайтару себебіне байланысты құжаттарды жүктеу міндеттеледі.

Қызметтердің нәтижесі eGov.kz порталының мәртебелік бетінде және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде қолжетімді болады.

Қаражатты қайтару міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу (есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне және әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асыру қағидалары мен жағдайларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

                            «Азаматтарға  арналған  үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының

Қызылорда  облысы  бойынша  филиалының

әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі

Жалағаш аудандық бөлімінің басшысы

Сасыкбаева Шолпан Аманкелдиевна

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: