Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жексенбі, 24 қараша, 06:23

МӘМС: Кімдер тегін дәрі-дәрмекті алуға құқылы?

30.10.2023

447

0

 Ұзақ еңбек демалыс кезінде қызметкер МӘМС жүйесінде қалай сақтандырылады? Кім тегін дәрі-дәрмекті алуға құқылы? Осы және басқа да сұрақтарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары Жаңақорған ауданының тұрғындарымен есептік кездесу барысында жауап берді.

Ауданда 75 мыңнан астам адам тұрады, халықтың 15,1% – ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған, бұл 11 347 адамды құрайды. Сақтандырылмаған ауыл тұрғындарының көпшілігі соңғы 12 ай кезеңінде төлем жасамағандар.

«МӘМС жүйесіне азаматтарды өзектендіру – бұл біздің ортақ міндетіміз. Жергілікті атқарушы органдар сақтандырылған азаматтардың қатарына жалдамалы жұмыскерлерді тарту мәселелеріне ерекше назар аударуы қажет. Ауданның ұйымдары мен мекемелерінің 3 мыңға жуық қызметкері МӘМС жүйесінен тыс қалды», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары бірқатар сауалдарын қойды. Егер қызметкердің МӘМС-ке 1 айдың төлемі болмаса, неге мәртебесі «сақтандырылмаған» болып шығады? Спикердің айтуынша, «МӘМС туралы» Заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады. Тиісінше, бірнеше айға демалысқа шығатын қызметкерге біржолғы төлемді төлеу арқылы сақтандыру мәртебесін сақтау үшін МӘМС бойынша аударымдар мен жарналарды әр айды жеке көрсете отырып, әртүрлі төлем тапсырмаларымен төленеді. Яғни, егер демалыс бірнеше кезеңді (бір айдан астам) қамтитын болса, онда төлемдерді кезеңге бөлу қажет.

Сондай-ақ тұрғындар келесі сұрақты қойды: тегін дәрі-дәрмек кім алуға құқылы? Бақыт Исмаханбетов атап өткендей, тегін дәрі-дәрмек алу үшін пациент диспансерлік есепте болуы керек. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету № ҚР ДСМ – 75 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (бұйрыққа сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023885). 

Жиынды қорытындылай келе, спикер барлығын уақтылы скринингтерден, медициналық тексерулерден өтуге және әрқашан МӘМС-те сақтандырылуға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: