Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Сенбі, 21 қыркүйек, 17:49

Биыл 2161 жаңа жұмыс орны ашылды

31.10.2023

459

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда еліміздегі еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде жаңадан жұмыс орындарын ашу, мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмекпен азаматтардың қамтылуы, жалпы әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелі орындалуы бойынша Үкіметке пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс-шаралар қарастырылған. Бүгінде жергілікті билік осы тапсырмалар аясында қандай міндеттерді атқарды және сол жобалардың іске асырылу барысы қалай? Жыл басынан бері қанша адам жұмыспен қамтылды? Осы және басқа да сұрақтарға жауап алу мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Бөленбаевпен сұхбаттасқан едік…

– Қанат Шамшатұлы, әуелі ау­дандық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бөлімінің жұ­мысы, мақсаты жайында кеңірек айтып өтсеңіз…
– Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұ­мыс­сыз азаматтарды есепке тіркейді және жұмысынан айырылған жағдайда әлеу­меттік төлем тағайындау үшін қа­жетті құжаттарды қабылдайды. Жұ­мыс­сыздарды тұрақты жұмыс орын­да­­рына жұмысқа орналасуға жәр­дем көрсетеді, уақытша жұмыс орын­дарын ұсынады. Еңбек нарығында сұра­нысқа ие ма­ман­дықтар бойынша қысқамерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйым­дастырады. Азаматтардың барлық са­­наттарына арналған бос орындар жәр­­меңкесін және халық арасында ақпа­раттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Бүгінде барлық қызметтер өз мерзімінде орындалып жатыр. Биыл аудан бюд­жетінен 1203615,9 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 5775,64 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша 626051,9 мың теңге қаржы қа­ралды. 2023 жылдың 1 қазанына қаралған қаржы – 907296,3 мың теңге, Оның бүгінде 907155,4 мың теңгесі, 99,98 пайызы игерілді.
– Әлеуметтік көмек, жәрдем­ақы­лармен қамту шараларын жүргізу ба­рысы, яғни атаулы әлеуметтік кө­мекті тағайындау бойынша ау­данда қандай жаңалықтар бар? Бұл ретте қандай іс тындырылып жатыр?
– Биыл мемлекеттік атаулы әлеу­меттік көмекке аудан бюджетінен 126,7 млн теңге және атаулы әлеуметтік кө­мек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанда 19,8 млн теңге қа­ралды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде 19 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Оның ішінде кент бойынша 5 учаскелік комиссия, әр ауылдық округ бойынша 1 учаскелік ко­миссиядан бекітілген.
Биыл атаулы әлеу­меттік көмек 224 отбасының 1313 мүшесіне 69,2 млн теңге және атаулы әлеу­меттік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейін­гі әр балаға 1,5 айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде 186 отбасының 341 баласына 10,6 млн теңге, барлығы 79,8 млн теңге тағайындалып, 74,4 млн теңге төленді.
– Атаулы әлеуметтік көмектен бо­са­тылған аудан азаматтары бар ма?
– Иә, бар. 2023 жылдың 1 қазанына атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан 51 отбасының 293 мүшесі босатылды. Оның ішінде өз өтініші бойынша тоқ­та­тылғандар – 12 отбасы, кедейлік ше­гінің мөлшерінен 35 отбасының табы­сы асып кеткен, 1 отбасы табысын жа­сырған, 3 отбасы комиссия шешімімен тоқ­та­тылған. Себебі 1-еуінің ата-анасымен бірге тұ­рады, 1-еуі ірі қара ма­лдарын жасырған, ал 1-еуі өтініште көрсе­тіл­ген мекен-жайда тұрмайтыны анықталған.
– Мемлекеттік атаулы әлеу­мет­тік көмекке өтініш білдірген тұр­ғындар қатары көп пе? Статистика не дейді?
– Әрине бүгінде мемлекет тарапынан қарастырылған әлеуметтік көмектер жет­кілікті. Сондықтан әрбір азамат сол көмектен дәмелі. Нақтырақ айтқанда, ауданда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 224 отбасы бар. Оның 1313 мүшесінің 18 жасқа дейінгі 834 бала болса, оның ішінде мүгедектігі бар 2 бала, мүгедектігі бар 1 егде кісі, 2 зейнеткер, 64 студент тіркелген. Сондай-ақ еңбекке қабілетті 411 азамат, оның ішінде жұмыссыздар 80, жүгіну мезетінде жұмысы барлар 194, бала күтімінде 137, басқа себеппен 1 азамат бар. Белсенді шараға қатысушылардың 15-і тұрақты жұ­мысқа орналасқан, 9-ы қайтарымсыз грант алды, 63-і қоғамдық жұмысқа, 2-еуі әлеуметтік жұмыс орнына, 3-еуі жастар тәжіребиесіне жіберілген.
– Атаулы әлеуметтік көмек ар­қылы тұрғын үй көмегіне қол жеткізген азаматтар бар ма?
– Биыл тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 3323 мың теңге қа­ралған. Бүгінгі күнге 18 отбасының 44 мүшесіне 527,1 мың теңге тағайындалып, төленді.
– Ауданда басқа біз біле бермейтін қандай әлеуметтік көмектер жаса­луда?
– Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шыға­рылған, туберкулезден емделудің сүйе­мелдеу сатысындағы азаматтарға биыл 15733 мың теңге қаралды. Яғни 43 азаматқа қосымша тамақтануға 6439,6 мың теңге әлеуметтік көмек тағайын­далып, 42 азаматқа 5685 мың теңге төленді. Сондай-ақ «Отан Даңқ» орде­німен наградталған, республикалық құр­метті атағына ие болған 2 азаматқа 104,9 мың теңге әлеуметтік көмек тағайын­далды. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 105 азаматқа облыстық бюджеттен 14300 мың теңге төленді. Чернобыль апа­тының зардабын жоюға қатысқан 4 аза­матқа 566 мың теңге берілді. Кеңес армиясының мүгедектігі бар 4 аза­ма­тына 566 мың теңге табысталды. Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңес­тірілген мүгедектердің әйелдеріне, яғни 2 азаматшаға 276 мың теңге және ауған соғысына қатысқан 21 азаматқа ау­дандық бюджеттен 2898 мың теңге төленді.
Мұнан бөлек Семей ядролық сынақ­тардың сал­дарынан зардап шеккен 15 аза­матқа 2122,6 мың теңге жеке шот­тарына аударылды. Тәжік-Ауғанстан учас­кесінде әскери міндетін орын­даған 14 азаматқа 1977,6 мың теңге, таулы Қарабақтағы этносаралық қақ­ты­ғысты реттеуге қатысқан әскери қыз­метшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшысы болған және қатардағы құрамының 6 азаматына 797 мың теңге төленді. Өрттің салдарынан зардап шеккен 1 отбасына 517,5 мың теңге тағайындалды.
Тағы айта кететін жайт, облыс әкімінің гранты бойынша 17 студентке 7744 мың теңге оқу ақысына, 4222,8 мың теңге тамақтануы мен жүріп-тұ­руына, барлығы 11966,8 мың теңге ау­дарылды. Ауылдық елді мекендерде тұ­ратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек ретінде 1690 ма­манға 23322 мың теңге қаржылай көмек берілді.
– Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлініп жат­қаны белгілі. Аудандағы осындай азаматтар бұл қолдаудан құр қалып жатқан жоқ па?
– Мүгедектігі бар адамдарды әлеу­меттік қорғау шараларының тиімді жүйе­сін құру мемлекеттің әлеуметтік сая­са­тының басым бағыттарының бірі болып табылады. ҚР-да мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар бар. Оның мақсаты мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратифи­кациялауға байланысты ҚР қабылдаған міндет­темелерді іске асыру және Қазақ­станның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру бо­лып табылады.
Аудан бойынша мү­ге­дектердің орта­лықтандырылған дерек­тер қорына сәйкес, биыл 962 мүгедектігі бар адам тір­келген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүге­дектігі бар 222 бала бар. Жалпы бұл жұмыстар мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бүгінде бар­лығы 504 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, оның 338-і немесе 67 пайызы орындалды. Нақтырақ айтсақ, биыл 555 мүгедектігі бар адам міндетті гигие­налық құралдармен, яғни 54-і таяқ­пен, 18-і балдақпен, 2-еуі жетек ар­бамен, 39-ы кресло арбамен, 111-і са­на­торлы-курорттық жолдамамен, 77-сі тиф­лотехникалық құралдармен, 17-сі сур­до­техникалық құралдармен, 96-сы про­тездік ортопедиялық құралдармен қам­та­масыз етілді.
– Мүгедектігі бар азаматтардың ауданда емін-еркін қозғалысына қан­дай жағдай жасалған?
– Әрине бөлім тарапынан мемлекет ұсынған барлық көмекті ұсынып жа­тырмыз. Мәселен, азаматтардың еркін жүріп-тұруына «Инва такси» қызметіне биыл облыстық бюджеттен 6956 мың теңге қаржы қаралған. Мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс шеңберінде мү­гедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жү­­зеге асыру бойынша «Инватакси» қызметін ұйымдастыру «Тұран-Шах Қы­зыл­орда» мүгедектер қоғамдық бірлес­тігімен келісім-шарт негізінде 2 автокөлік қызмет көрсетеді. Осы қызмет түрін пай­даланатын мүгедектігі бар 77 адамға 2878 мың теңге қаржы төленген.
– Мүмкіндігі шектеулі азамат­тарға мемлекет тараыпынан басқа қандай көмектер берілуде?
– Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар азаматқа 1 ымдау тілі маманы, жү­ріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 96 адамға жеке көмекші қызмет көрсетуде. Облыстық мүгедектерді оңал­ту орталығына баруға өтініш білдір­ген­­дерден биыл 53 адам жіберілді. Оның ішінде 18-і – зейнеткер. Қызылорда қала­сындағы №2 арнаулы әлеуметтік қыз­меттер көрсету орталығына 3 мүгедектігі бар жалағаштық орналастырылды. Ау­дан бойынша тірек қозғалыс аппараты бұ­зылған және психоневрологиялық па­тологиясы бар мүмкіндігі шектеулі 12 балаға күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көр­сетіледі. Мү­гедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 54 баланың ата-ана­сы­нан құжаттар қабылданып, 2596,4 мың теңге төленді.
Аудан бойынша 80 мүге­дектігі бар азаматқа, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 55 балаға үйден әлеу­меттік қызмет көрсетілуде. Жыл ба­сынан бері 4 тұрғынға «Кәмелетке тол­ма­ғандарға және әрекетке қабілетсіз немесе әре­кетке қабілеті шектеулі кәме­летке тол­ған адамдарға қатысты» қор­ған­шы­лық немесе қамқоршылық тағайын­дау жөнінде өтініш түсіп, 2 адамға қор­ған­шылық немесе қамқоршылық тағайындалды.
– Мүгедектігі бар адамдарды жұ­мысқа орналастыру жайы қалай?
– Аудан әкімдігінің «2023 жылға мүге­дектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» 2022 жылдың 15 қарашасында №216 қаулысымен 4 мекемеге 6 жұмыс орын­дарының саны бекітіліп, биыл 4 мүм­кіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты.
– Аудан бойынша жаза өтеу орын­дарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұр­ған азаматтармен жұмыс қалай жүруде?
– Аудан бойынша жаза өтеу орын­дарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде 48 азамат есепте тұр, оның ішінде 43 пробация қызметінде және 5 полиция бөлімінде есепке алын­ған. Биыл бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін 1 жұмыс орны және аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 5 жұмыс орнына квота белгіленіп, 6 квота толығымен орындалды.
– Халықты жұмыспен қамтудың өңірлік картасын іске асыру бойын­ша атқарылған жұмыстарға тоқ­тал­саңыз…
– Биыл жоспарланған халықты жұ­мыспен қамту динамикасы бойынша 2927 жұмыс орнын ашу жоспар­ланған. Нәтижесінде биыл 2161 жұмыс орны ашылды. Жоспар 73,8 пайызы орындалды. Ұлттық жобалар аясында 46 адам жұмыспен қамтылып, оның 28 жұмыскеріне міндетті зейнетақы жар­налары төленді.
– Әрине жаңа жұмыс орындарын ашудың бірден-бір тиімді жолы, ол – кәсіпкерлік субъектілерін көбейту. Бұл жөнінде не айтасыз?
– Биыл жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа 198,7 млн теңге қаралды, яғни кәсіп ашуға ниетті 144 адамды қолдау жос­парланды. Жыл басынан бері 2 рет комиссия отырысы өтіп, 72 адам комис­сияның оң шешімін алды. Жаңа бизнес идея­ларға іске асыруға арналған грант жеңімпаздарына 99,4 млн теңге қаржы төленді.
– Жастарды жұмыспен қамтуда бөлім тарапынан қандай іс-шаралар атқарылуда?
– Биыл жастар тәжірибесіне қаралған қаржы – 411,1 млн теңге, жоспар бойынша 250 жас аудан азаматын қамтуымыз керек. 2023 жылғы 1 қазанға 353 адам жастар тәжірибесінің қатысушысы болып тіркелген. Былтырдан жалғастырушы 169 адам бар, оның ішінде 89 жас тәжірибені аяқтап, 16 азамат тұрақты жұмысқа орна­ласты. Ал биыл 210 жас түлек жас­тар тәжірибесіне жолданды. Сондай-ақ 15 азамат алғашқы жұмыс орнына жолданды.
– Жұмыспен қамту аясында ау­данда атқарылып жатқан басқа қан­дай жаңалықтар бар?
– Мәселен, биыл аудан бойынша ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 937 адам жолданды. Бүгінде қоғамдық жұ­мысты 209 адам аяқтап, 73 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жалпы мем­лекеттік қолдау шараларынсыз жос­пар бойынша 999 адам жұмыспен қам­тылу қажет болса, 2023 жылы қазанға дейін 446 адам жұмысқа тұрды. Ұрпақтар ке­лісім шарты аясында 6 азамат, күміс жас жобасына 23 аудан тұрғыны жолданды. Сонымен қатар жұмыс берушілердің өтінімі негізінде қысқамерзімді курстарға оқытуға 10 аудан азаматы жіберілді. Оқу биыл қазан айында басталды.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Жандос Жазкен

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: