Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 00:00

Қорғаныс министрлігі запастағы офицерлердің қызметке шақырылуы мен әскери техника қозғалысына қатысты пікір білдірді

04.03.2022

879

0

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов запастағы офицерлердің қызметкер шақырылуы мен әскери техникалардың қозғалысына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қарулы күштерін жаңғырту бойынша бірнеше тапсырма берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

«Біз мемлекеттік қорғаныс тапсырысымен жаңа қару жүйелерін алуды жоспарлап отырмыз. Брондалған танк, әскери-теңіз күштеріне арналған зымыранды-артиллериялық қарулар сатып алынады», – деді министрдің орынбасары. 

Запастағы офицерлердің қызметке шақырылуы бойынша пікір білдірген Қамалетдинов барлығы 190 офицердің шақырту алғанын, олардың 150-і қарулы күштерге баратанын айтты. Мұндай шара командалық құрамды басқарудың төменгі тобында қызметкерлердің жетіспеуі байқалғандықтан қабылданған екен. 

«Бұл қызметкерлердің басым бөлігі дәрігерлер, байланыс мамандары және ІТ-технология мамандары», – деп түсіндірді ол. 

Сондай-ақ ол әскери қызметтен өтіп жатқандарға жеңілдіктер беру үшін заң жобасы қаралып жатқанын айтып өтті.

Айта кетейік, бұған дейін запастағы әскерилердің қызметке қайта шақырылғаны туралы хабарлаған еді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: