Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Жұма, 22 қараша, 02:44

МӘМС: 2023 жылы консультациялар мен диагностикаға 20%-ға көп қаражат бағытталды

01.11.2023

502

0

МӘМС жүйесі енгізілгелі дәрігерлердің консультациялары, зертханалық талдаулар және аспаптық диагностиканың саны 7 есе артты, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Биыл МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге 290 млрд теңгеге шарттар жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. 3 жыл ішінде бұл қызметтердің көлемі 7 есе өсті. 2019 жылы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін 18 млн консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілсе, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ол 142 млн-ға жетті. 

«Пациенттер консультациялық-диагностикалық қызметтерге көп жүгінеді. Олар МӘМС бойынша бейінді дәрігерден тегін кеңес алу, талдаулар тапсыру және жолдама бойынша КТ/МРТ өтуге болатынын біледі. Азаматтардың қажеттіліктерін ескеріп, жыл сайын қызметтерге қаржы көптеп бөлінеді әрі Қормен жұмыс істеуге ниет білдірген медициналық ұйымдардың саны да артып келеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша МӘМС аясында  126,7 млрд теңгеге консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Оған зертханалық талдаулар, диагностика (УДЗ, ЭКГ, КТ/МРТ және т. б.), стоматологиялық қызметтер, жылжымалы медициналық кешендердің, жастар денсаулық орталықтарының жұмысы кіреді», – деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі. 

МӘМС жүйесінің негізгі міндеті – денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемін біртіндеп арттыру. Егер 2019 жылы азаматтардың медициналық қызметтерге қажеттілігіне 1,03 трлн теңге (ТМККК) бөлінсе, 2023 жылы 2,5 трлн теңгеден астам қаржы (өсім 2,5 есе) қарастырылған. 
Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады: 
•   Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
•  fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы

Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

ОСМС (1).jpeg
ОСМС (2).jpeg
ОСМС (3).jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: