Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:43

Жемқорлықпен күрес баршаға ортақ

09.11.2023

522

0

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендетіп қана қоймай, қоғамда демократиялық қайта құруды жүзеге асыруды төжейтіні белгілі.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Егеменді болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, тұрмысымызды түсегенімізге ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Өткенімізге көз жүгіртетін болсақ, Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды.

Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің биік көтеріліп жүруі үшін, жемқорлық індетімен белсене кұресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл  індет – адамзат баласына жат қасиет. Жемқорлыққа қарсы күрес – бұл қоғамның біртұтас жұмысы. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмауға бүкіл қоғам атсалысу керек.

Г.КАИПБАЕВА,

Жалағаш аудандық қазынашылық

басқармасы бас маман-бас қазынашы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: