Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:39

Қаржыгерлер марапат төрінде

15.11.2023

411

0

1993 жылы ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Бұл күн Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал теңге – мемлекеттің басты белгісіне айналды. Тәуелсіз мемлекеттің нышанына айналған теңге Тәуелсіздігімізді нығайта түсті. Теңгенің айналымға енуі елдің ұлттық нарық инфрақұрылымының қалыптасуына, қаржылай-несиелік және бюджеттік-салықтық саясатты жүзеге асыруға септігін тигізді. Бұл – елдік пен теңдікті, татулық пен тұрақтылықты, отансүйгіштікті дәріптейтін ерекше мереке. Бүгін мерейлі мереке қарсаңында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлының Алғыс хатымен қаржы саласының мамандары марапатталды.


Аталмыш шараға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және «Даму» бастауыш партия ұйымының төрағасы Эльмира Құттымбетова қатысты.


Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім, біліктіліктеріңіздің арқасында біздің өңіріміздің экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде. Алдағы уақытта да осынау биік межеден көрінетіндеріңізге сенімдімін. Сондай-ақ, жұмыстарыңыз келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге бағытталуына тілектеспіз – деді Қаншагүл Мұстафаева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: