Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі өзіндік тарихи тағылымы бар. Өткеннің бай рухани мұрасын тал бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тарихты елестету мүмкін емес.
Жалпы халқымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән береді. «Бала бауыр ет», «балалы үй базар» деп халқымыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ұрпағына «бесік жыры» арқылы сіңдіріп отырған. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық. Қай кезеңде болсын, ұлттық құндылықтарымыздың орны ерекше саналған. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріміз бен мәдени мұрамыз арқылы халық әркез өзін-өзі тәрбиелеп отырады.
Балалардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін танып білуге, ардақтауға, құрметтеп мақтан тұтуға тәрбиелеу – басты мақсатымыз.
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы “Аққұм ауылдық округі” БПҰ ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» және «Ұлттық Мұра» партиялық жобалары аясында «Салт-дәстүр-тәрбие негізі» атты өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында танымдық сағат болып өтті. Аталмыш шара барысында жастарға тоқыма тоқу, ою-өрнектен кестелер тігу, көрпеше жасау технологиясы үйретілді. Шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды үйретіп ғана қоймай, күнделікті тұрмыста пайдалану болып табылады..
Салт-дәстүр-тәрбие негізі
15.11.2023
1287
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!