Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 07:39

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің кешенді жоспары әзірленіп жатыр

19.11.2023

355

0

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің кешенді жоспарын әзірлеуге кірісті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, ел Президенті: „Біздің қоғамдағы ең басты идеология — бұл заң мен тәртіптің үстемдігі деген болатын. Бұл бірінші кезекте қоғамның қарым-қатынасына ғана емес, тұрмыстық мәселелерге де қатысты айтылған қағида. Әсіресе, қазір біз үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері алдыңғы орында тұр. Мұндай қылмыстар үшін жауапкершілік 2023 жылдың 1 шілдесінен едәуір күшейтілген болатын. Содан бері жауапқа тартылған агрессорлар саны 2 есе көбейген. Дәлірек айтқанда, осы жылдың ІІ-тоқсанында 7 мың адам жауапқа тартылса, ІІІ-тоқсанда олардың саны 27 мың адамға жеткен. Одан басқа тағы 60 мың құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты 70 мың ескерту жасалды. Құқық бұзушылардың мінез-құлқын түзету үшін сот арқылы 12 мың талап қойылды“, — деді министр Facebook парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде.

Министрдің дерегінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде 10 айда отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды тіркеу 20 пайызға, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар 4,2 пайызға, ауыр қылмыстар 12 пайызға төмендеді.


«Өкінішке қарай, кейінгі жағдайлар бұл мәселенің әлі де күн тәртібінен түспегенін және өзекті екенін көрсетіп тұр. Басты себеп — азаматтардың заңды құқығын құрметтемеу. Осыдан туындайтын сананың бұзылуы, жалпы құқықтық негилизм қазіргі қоғамға тән екенін көрсетіп отыр. Біз ата-ана ретінде балаларға үйде болсын, сыртта болсын келеңсіз құбылыстармен күресу мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Қоғам заң бұзушылыққа, зорлық-зомбылық пен дөрекілікке төзбеуі тиіс. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, бұзақылықтан, дөрекіліктен және вандализмнен мүлдем бас тарту атмосферасын қалыптастыруымыз маңызды. Барша адам баласына деген құрмет, ер-азаматтардың әйел мен қыздарға деген сыйластығын бала кезден бойына сіңіру қажет. Өзіміз бен айналадағы адамдардың тағдыры мен өмірі бізге байланысты екенін әрқашан есте ұстауымыз керек. Дәл қазір Президент жанындағы Әйелдер және отбасы саясаты жөніндегі ұлттық комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің кешенді жоспарын әзірлеуге кірісті. Сондықтан сарапшыларды, азаматтық сектор өкілдерін белсенді болуға, тиісті ұсыныстарды жолдауға шақырамын», — деді Аида Балаева.
 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: