Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:33

Қаржыгерлер құрмет төрінде

18.11.2023

300

0

Ұлттық валюта теңге күні қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Ардақ Ибраимов сала қызметкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті. Басқосуда Ардақ Әбдіғаппарұлы ауданда да сала ардагерлері мен қызметкерлері өңірдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқанын жеткізіп, елдің ырысын еселеуде әлі де сапалы еңбек ететініне сенім білдірді.

– Бұл – ерекше мереке. Осыдан тура 30 жыл бұрын 15 қараша күні қазақстандықтардың төл теңгені қолдарына ұстаған кезінде Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын шынайы сезінген еді. Төл теңгеміз тәуелсіздіктің айшықты символдарының біріне айналды. Халықтың көңіліне сенім ұялатып, болашаққа нық қадам басуына жол ашты. Мемлекетіміз әлемдік дағдарысқа лайықты төтеп беріп, мызғымас қуатын дәлелдеді. Жалағаш ауданында да экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үздіксіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты. Аудандық бюджеттің салықтық түсімдері жылдан-жылға ұлғайып келеді. Салықтық түсімдер көлемінің ұлғайғаны аудандық бюджетте кіріс көлемінің өсуіне ықпал жасады, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, 10 жыл бұрын аудан бюджеті 6,1 млрд теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 11 млрд теңгеге жетті. Табысқа жету жолында тәжірибелі, өз ісіне шынайы берілген білікті мамандар мен қаржы саласы қызметкерлерінің де өзіндік үлесі бар, осы ретте өңір басшысы қаржы саласының ардагерлері мен сала мамандарына алғыс білдірді.
Жиында ардагерлер мен сала қызметкерлері облыс әкі­мінің және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ардақ Әбдіғаппарұлы Жалағаш ауданының қаржы-экономика сала­сында ұзақ жылдар басшылық қызметте болып, халықтың құр­метіне бөленген Мәлік Қайыпов, Нұрман Қосымбетов, Қалдан Қойшығұлов, Жалғас Құлымбаев, Қадырбай Бақтияров, Бердан Амитов, Болат Тәшімбетов секілді білікті басшылардың есімдерін ерекше атап өтіп, облыс әкімінің қабылдауында «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған Жа­ла­ғаш аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Өмір­бек Жақсылықұлын арнайы құттықтады. Сондай-ақ аудандық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, қаржы-экономика саласын 21 жыл басқарған сала ардагері, Жалағаш ау­данының құрметті азаматы Болат Тәшімбетов тарихи кезең­дер­дің өзіндік ерекше тұстарына тоқталды.
«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: