Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:07

Қазақстанда су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі

23.11.2023

325

0

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25% өседі, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Қазақстанның әр аймағында су ресурстарын бөлумен және олардың пайдаланылуын бақылаумен айналысатын басқармалар пайда болады.

«Су саласында жұмысты тартымды ету қажет, жалақыны арттыру осы бағыттағы қадамдардың бірі болып саналады. Әрине, бар кадрларды сақтап қалу ғана емес, заман талабына сай жаңа кадрларды дайындау маңызды. Министрлік тиісті ұсыныс енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: