Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауда тұрғындар тарапынан тұрақты жұмысқа орналасу және баспана мәселелері қаралды.
Қабылдау барысында көтерілген жеке мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Қабылдауға келген тұрғындардың мәселесі назардан тыс қалмай, алдағы уақытта мәселелердің оң шешім табуы қажеттігін айтты.
Тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!