Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 1 желтоқсанына арналған күн райы болжамын ұсынды.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс, солтүстік және шығыс облыстарындағы күн райына циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Сондай-ақ көктайғақ пен қарлы боран болады.
Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады деп болжанды.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!