Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 00:31

1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға шектеу қойылады

14.12.2023

464

0

Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдарға шектеу қойылады. Пилоттық жоба шеңберінде 3 айдың ішінде бір картадан тек қана 100 аударым ғана тегін жасауға рұқсат етілмек, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерлік қызмет сипатындағы мобильді аударымдарға салық салуды қамтамасыз етуді көздейтін заң жобасы өткен жылы қабылданған. Бұл шараның негізгі мақсаты «көлеңкелі экономиканың» үлесін азайту.

Сондықтан кәсіпкерлер арнайы карта, шот ашып кәсібін заңдастыруға міндеттеледі. Бұл өз кезегінде салық төлеуге негіз болмақ.

Қаржы министрінің мәліметінше, ұялы телефон арқылы жиі ақша аударатын тұлғалар бақылауға алынып, тексеріледі. Бұл санатқа тәуекел бизнесі бар адамдар яғни, дүкен, такси және т.б. яғни тікелей бизнеспен айналысатын азаматтар жатады.

Айта кетерлігі, туыстары немесе әріптестері арасындағы аударымдарға салық салынбайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: