Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сенбі, 30 қараша, 09:43

Зейнетақы төлемдерін зейнетке шыққанға дейін алу: барлығы зейнетақы аннуитеті туралы

15.12.2023

745

0

Ресми түрде құрметті демалысқа шықпай-ақ зейнетақы төлемдерін алуға болады! Мұндай мүмкіндікті зейнетақы аннуитеті беріп отыр. Fingramota.kz сақтандыру құралының осы түрі жайында жан-жақты айтып береді. 

Зейнетақы аннуитеті деген не

 Бұл – зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда азаматтарға зейнетақыны мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін сақтандыру өнімі. Зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу жөніндегі қызметтерді «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары көрсетеді. Бүгінгі таңда нарықта осындай 8 ұйым жұмыс істейді.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы азамат 55 жасқа толғаннан кейін өмір бойы кепілдік берілген кіріс алу құқығына ие болады. Өз кезегінде, сақтандыру ұйымы мұндай шартты жасай отырып, клиентіне өмір бойы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеттемелерін өзіне алады.

2021 жылы Заңмен сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері азайтылды. Бүгінгі күні ол зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күні қолданыста болған ең төмен күнкөріс деңгейі (ЕТК) шамасының 70%-ын құрайды. Соған байланысты зейнетақы аннуитеті шартының құны да 40%-ға азайтылды. Бүгінгі күні стандартты зейнетақы аннуитеті шартының  құны 55 жастағы ерлер үшін 7 млн теңгені, ал осындай жастағы әйелдер үшін 8,5 млн теңгені құрайды.

Агенттік азаматтар үшін осы өнімнің тартымдылығын және кірістілігін арттыру үшін зейнетақы аннуитеті шартының өлшемдерін де қайта қарады. Сақтандыру төлемдерін индекстеу мөлшері 5%-дан 7%-ға дейін ұлғайтылды. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша кірістіліктің ең төмен мөлшерлемесі  7%-дан 9%-ға дейін ұлғайтылды. Мүгедектігі бар адамдар мен зиянды еңбекпен айналысатын қызметкерлер үшін зейнетақы аннуитеті шартының құнын есептеу үшін жеке қайтыс болу кестесін қолдану көзделген.

Бүгінгі күні азаматтарға кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттерін қоса алғанда, зейнетақы аннуитеті шарттарының бірнеше түрін иелену мүмкіндігі беріледі.

Кейінге қалдырылған аннуитет деген не

Бұл сақтандыру құралы сақтанушыларға шартты 55 жасынан бастап өмір бойы ай сайын төлем алу құқығымен 45 жасынан бастап шарт жасасу мүмкіндігін береді. Мұндай сақтандыру өнімі өз бюджетін алдын ала жоспарлап үйренген және зейнетақы жасына жеткеннен кейін қандай қаражат есебінен өмір сүрем деп ойлайтын адамдарға арналған.    

Қаржы нарығындағы мөлшерлемелердің құбылмалылығына қарамастан кепілдік берілген кірістіліктің болуы кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетінің негізгі артықшылығы болып табылады. Сақтандыру ұйымы сақтанушы сақтандыру төлемдерін ала бастайтын жасқа жеткенге дейін жыл сайын заңнамалық тұрғыдан белгіленген кірістілікке кепілдік береді. Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күннен бастап сақтандыру ұйымына берілген қаражат инвестицияланады, болашақта алатын сақтандыру төлемдерінің мөлшері ұлғаяды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: