Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сенбі, 30 қараша, 09:38

Сот кабинеті – тиімді әдіс

15.12.2023

731

0

Қазіргі таңда қағаз құжат айналымын азайту және электрондық құжат айналымын пайдалану мүмкіндігін көбейту мақсатындағы үлкен ерекшеліктердің бірі – сот кабинеті болып табылады. Ол сот құрылымында қолға алынған реформалардың заманауи, жаңа технологияның бір түрі. Ол азаматтардың уақытын ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді. Себебі беретін арыз-шағымдарын алыс қашықтықтан, яғни мекемеге келіп әуреленбей, үйде отырып-ақ жібере береді.

Сот кабинеті | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

         Сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процессінің хаттамасына  ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы   арыз, сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқасын) беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштер бере алады.

Электронды сот кабинетін пайдаланушы жіберген электрондық құжаттардың деректемелері еліміздегі сот органдарының ақпараттық жүйесіне түскен кезде автоматты түрде кіріс құжатының тіркеу-бақылау карточкасына көшіріледі. Ескерерлігі, «Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен құжаттар пайдаланушының электронды сандық қолтаңбасының жарамдылығы  тексерілгеннен кейін ғана тіркеледі.

Айта кеткен жөн сот кабинетінің мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. IOS мобильдік платформасындағы «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы – IOS, Android және Windows Phone мобильдік қосымшасы сервистерінің интерфейстерін сипаттайды. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің веб нұсқасына қарағанда өзіндік артықшылықтары да бар. Тіркелу үшін пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, азамат өзінің ЖСН және ұялы телефон нөмірлерін көрсетсе де жеткілікті. Көрсетілген ұялы телефон нөмеріне қосымшаға кіру үшін хабарлама арқылы құпия сөз келеді.

Жалпы қазіргі заманғы бұл жаңа технологияны сот жүйесіне енгізу мен оны халыққа кеңінен түсіндіру арқылы қолдану соттағы іс жүргізуді жеңілдетіп, бюрократтық кедергілерді жойды, сотқа құжат тапсырушылардың ұзақ кезекке тұруын азайтты. Яғни осы арқылы қамтамасыз ету Жоғарғы Сотының тарапынан ҚР азаматтарының сот қызметіне жасаған қолжетімділігін байқаймыз.

Г.БАЙКЕНЖЕЕВА
Жалағаш аудандық сотының жетекші маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: