Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сенбі, 30 қараша, 07:32

Іс-шара кезінде кемшіліктер анықталған

21.12.2023

548

0

Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасының әрекеттеріне қатысты жеке тұлғаның шағымына сәйкес Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «Alexey Sultan – Akhmet» ЖШС арасында әскери қызметке шақырылу кезінде азамаматтарды медициналық куәландыру бойынша қызметтерге қатысты 27.12.2021 жылғы 43 млн 570 мың теңгеге жасалған №116 келісім-шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жоспардан тыс аудиторлық тексеру жүргізді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде әскери қызметке шақырылу кезінде азамаматтарды медициналық куәландыру бойынша қызметтерді көрсетуші «Alexey Sultan – Akhmet» ЖШС «Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен (қәзіргі таңда Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық орталық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны) аталған қызметтерді бірлесіп орындау мақсатында келісім-шарт жасасып, нәтижесінде 43 млн 570 мың теңгенің 21 млн 915,7 мың теңгесі екі жарым айдан кейін бюджетке қайтарылып, 21 млн 654,3 мың теңгесі бойынша әскери қызметке шақырылу кезінде азамаматтарды медициналық куәландыру бойынша қызметтері көрсетілмегендігі анықталды.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: