Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сенбі, 30 қараша, 05:44

Облыстық сайлау комиссиясы жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын өткізді

25.12.2023

509

0

 2023 жыл – сайлау жүйесіне елеулі өзгеріс әкелген жыл ретінде тарих қойнауына енеді. Жыл басынан бері ПарламенттіңСенат және Мәжіліс, мәслихат депутаттарының сайлауы, аудан, ауыл әкімдерінің сайлауы өткізіліп, Сыр өңірі халқы әр науқанда ауызбіршіліктің жоғары үлгісін көрсетіп, ерекше белсенділік танытты.

Жыл бедерінде өткен сайлауларды заң аясында әрі талапқа сай өтуіне сайлау комиссиясы мүшелері мен сала ардагерлерінің еңбегі зор. Осы ретте облыстық сайлау комиссиясы жыл қорытындысына арналған салтанатты шара ұйымдастырды.

Басқосуға облыс әкімінің аппараты басшысының орынбасары Жанмұрат Сейілов, сайлау жүйесіне зор еңбек сіңірген ардагерлер, облыстық, қалалық және аудандық комиссиясының төраға, орынбасар, хатшылар қатысты.

Шын мәнінде, еліміздегі сайлау жүйесі демократия принциптеріне сай ашық әрі қолжетімді деңгейде өткізіліп келеді. Оған Сіздерден қосқан өлшеусіз үлестеріңіз бар. 
Әрбір сайлаушының құқығын сақтай отырып, сайлау процесін заң шеңберінде және әділетті түрде өткізу – басты міндет. 
Кәсіби білімдеріңіз бен мол тәжірибелеріңіз арқылы сындарлы кезеңнен сыр бермей, аймақтың абыройы, сайлаушылардың мүддесі үшін елеулі еңбек етіп келесіздер,-деді Жанмұрат Сейілов.

3c8c65df-dff2-4d2f-836b-ad48f2604f3f.jpg

Жиында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов жыл ішінде өткізілген сайлау нәтижелерін тізбектеп, өңір халқының дауыс беру белсенділігіне тоқталды. Сондай-ақ, Президент пәрменімен комиссия мүшелері тұрақты әрі кәсіби негізде жұмыс жасауға көшкенін тілге тиек етті.

Комиссия мүшелерін кәсібилендіру өз кезегінде әрбір саяси науқанды өткізетін комиссия мүшелері үшін үлкен жауапкершілік жүктеді. Соның нәтижесінде 31 комиссия мүшесі тұрақты жұмыс атқаруда. Яғни бұрынғы жылдармен салыстырғанда кадрлар құрамы  1,7 есеге өсті. 
Биыл қайтадан аймақтарда округтік комиссия құрылып, Мәжіліс және мәслихат сайлауында жұмыс атқарды.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша 3330 комиссия мүшесі бар. Оның ішінде 63-ы аумақтық сайлау комиссиясында, 610-ы округтік комиссияда, 2657-і учаскелік сайлау комиссиясында қызмет атқарады.
Жаңа 2024 жылдан бастап облыс, қала, аудандық сайлау комиссиялары мен учаскелік комиссия мүшелерінің құрамы жаңадан жасақталатын болады,-деді төраға.

c10727cc-fbce-4440-9aba-20cd57b45ec8.jpg

Басқосуда сайлау жүйесінің ардагерлері Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері Садық Әлиев, Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес төрағасыӘбдірахман Құлдүйсенов сөз алып, естеліктерімен бөлісті.

Салтанатты шарада бірқатар азаматтар «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» мерекелік медалімен, Орталық сайлау комиссиясының Құрмет грамотасы және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, аймақта ауыл және кент әкімдерінің тікелей сайлауы да қарқынды өткізілуді. Жыл басынан бері 38 ауыл әкімі сайланды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: