Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 22:36

Қолма-қол ақша талап еткен кәсіпкерлерге қомақты айыппұл салынады

05.01.2024

616

0

Кәсіп иесінің есепшотына 3 айда 100-ден аса мобильді аударым келіп түссе арнайы салық төлеуге міндеттелетіні белгілі болғалы бизнесмендер тұтынушыдан қолма-қол ақша талап етуге көшкен. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті сатып алушыға еркінен тыс қолма-қол төлемді талап еткендер қомақты айыппұл арқалайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлер электронды төлемнен бас тартып жатыр. Көпшілік кәсіпкерлердің бұл ісіне наразылығын білдіріп отыр.

Кез келген кәсіпкер несие картасы немесе QR арқылы төлем қабылдамай қолма-қол сатып алуды сұраса, алдымен ескерту беріледі. Келесі рет қайталанса 150 мың теңге шамасында айыппұл салынады.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның нормалары банк картасы, QR-төлем немесе қолма-қол ақшамен төлеу тәсілдерін көздейді (25-бап). Кәсіпкерлерге төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: бірінші рет ескерту, тәртіпті қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК*) мөлшерінде айыппұл салынады», делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінде.

Айта кетейік, осы жылдан бастап банктер бизнес-шотқа емес, жеке шотқа 3 айда 100 мобильді аударым түскенін анықтаса, белгілі болған деректерді салық басқармасына ұсынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: