Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 29 қараша, 21:32

Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынды

08.01.2024

395

0

«Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» порталында жарияланған индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес Қазақстанда алты айға рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынды.

Министрліктің хабарлауынша, бұйрық «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 17 және 18-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес қабылданған.

«Рөлі оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасның аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін», – делінген құжатта.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

  1. Мемлекеттік кірістер комитетіне шекара қызметімен өзара іс-қимыл кезінде осы мәселе бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

2. Темір жол және су көлігі комитеті мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға тыйым салуды қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы;

3. Сауда және интеграция министрлігіне Еуразиялық экономикалық комиссиясын тыйымның енгізілгені туралы хабарлау қажеттілігі туралы хабардар етуі тиіс.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн қткен соң, яғни 16 қаңтардан бастап кұшіне енеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: