Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 29 қараша, 21:48

Қызылорда облысында бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілер ұсталды

10.01.2024

473

0

Полицейлер Қызылорда облысының тұрғынын әлеуметтік желілерде жеке сипаттағы мәліметтерді жариялаймын деп қорқытқан бопсалаушылар тобын ұстады, – деп хабарлайды nege.kz.

Күдіктілер деректерді жария етпеу үшін жәбірленушіден 7 млн теңге талап еткен.

Осы факті бойынша Қызылорда облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде тәуліктік кезекшілік кезінде күдікті ретінде 34, 32, 22 жастағы облыс тұрғындары ұсталды.

Айғақты зат ретінде олардан ақша, сигналдық тапанша және жалған қызметтік куәлік алынды.

Қазіргі таңда жәбірленушінің намысына тиетін ақпаратты таратамын деп қорқытып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: