Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 қараша, 19:30

Асылбек Шәменов қызмет ауыстырды

10.01.2024

471

0

Қызылорда қаласын 2 жылдай басқарған Шәменов Асылбек Өмірбекұлы Қазақстан Республикасы  Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалуына  байланысты қызметінен босатылды.

Асылбек Өмірбекұлы Шәменов 1978 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.

1999 жылы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм»мамандығы бойынша бітірген.;

2004 жылы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Газ және мұнай кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген.;

2014 жылы-Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Техника және технология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» ЖШС-де менеджер лауазымынан бастады.
2000-2006 жж. – «Жібек-жолы» компаниясының туризм жөніндегі менеджері, Қызылорда қаласын газдандырудың салынып жатқан объектілері дирекциясының жетекші инженері;
2006-2009 жж.-Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің жетекші маманы, бас маманы;
2009-2012 жж.-Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы;
2012-2015 жж.-Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;
2015-2018 жж.-Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;
2018-2020 жж.-Қызылорда облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы;
2020-2022 жж.-Жалағаш ауданының әкімі;
2022 жылғы 28 сәуірінен 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымында болды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: