Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 қараша, 20:41

ТҰРҒЫНДАР САУЛЫҒЫ ҮШІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

11.01.2024

245

0

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Аламесек ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының ұйымдасуымен партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Басты мақсат – тұрғындар саулығына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізу, тиісті дәрігерлік кеңестер беру болып табылады.
Денсаулық сақтау саласының өкілдері тұрғындардың қан қысымын өлшеп, екпе жұмыстарын жүргізіп, дәрігерлік кеңестермен бөлісті.

Бүгінгі «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен дәрігерлік кеңес беру жұмыстары өте оң шара деп есептеймін. Қарт адамдар түрлі себептерге байланысты үйінен шыға алмай жатады. Бүгін үйімізге келіп медициналық кеңестерін берді. Тиісті кеңестерді алдым, қажетті дәрі-дәрмегімді берді. Баршаңызға алғысым шексіз – деді ауыл ардагері Сыздықов Бұғыбай.

«AMANAT» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – халық денсаулығы. Тұрғындардың саулығы, еліміздің кемел келешегі. Сондықтан көкейкесті сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса біз әрқашан тыңдауға және оң шешім шығаруға дайынбыз – деді «Аламесек ауылдық округі» БПҰ төрағасы Шынар Ақшонтаева.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: