Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 20:12

Сыр өңірінде соғыс ардагеріне пәтер табысталды

11.01.2024

51993

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобабергеновтің үйіне барып, ақсақалдың хал-жағдайын білді.

Аймақ басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаевпен бірге абыз ақсақалды 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, Сыр жұртшылығы атынан 3 бөлмелі пәтер сертификатын табыстады. Жаңа баспана Қазалы ауданында салынған екі пәтерлі үйлерден берілді.

Майдангер өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, береке-бірлік бар жерде ғана істің алға басатынын айтты. Ел азаматтарына ақ батасын берді.

Ғасыр жасаған қарт Тілеуберген Тобабергенұлы Қазалы ауданының №2 ауылдық кеңесіне қарасты Жамбыл колхозында 1924 жылы дүниеге келген. 1942 жылы майданға алынып, 291-атқыштар полкі құрамына жіберілген. Беларусьті, Польшаны, Чехословакияны, Калининград қаласын жаудан азат етуге қатысқан. Бас қолбасшының «Алғыс хатын» алып, «Кенигсберг қаласын азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.

418451470_673903978264183_5597475241066829426_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: