Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жексенбі, 27 қазан, 04:22

Мәжіліс депутаты шыны зауыты жұмысымен танысты

11.01.2024

528

0

Сыр бойына Парламент Мәжілісінің депутаттары жаппай келуде. Демек, құр келмеген шығар. Аймақтағы мәселемен танысу үшін Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев келді. Жалпы, Парламент құрамына өз тарихында алғаш рет Жалпыұлттық социал-демократиялық партия кірген болатын. Нұрлан Әуесбаев қаламыздағы «Orda Glass Ltd» ЖШС — шыны зауытында болды. Қызылорда индустриалды аймағындағы шыны өндіру зауыты «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында өткен жылдың қазан айында іске қосылды. Көпті күттірген жоба алдағы уақытта жемісін берері анық. Қазірдің өзіңде 167 мың тоннаға жуық шыны өнімін өндірді.

Депутат Нұрлан Әуесбаев: «Шыны зауыты – осы аймақтағы ірі өндіріс орындарының бірі. Ондағы технологиялық процестердегі негізгі компоненттері осы жергілікті жерден шығады. Мысалы, кварц құм және шыны шығаруға қажетті құмның басқа да түрлері бар. Мұндағы жұмысшылардың құрамын алып қарасақ, қытай мен қазақтар тепе-теңдікте және ең жақсы тұсы – келісім мен инвестжобада қазақстандық жұмысшыларға технологияны қолдануды үйрету, оқыту, тәжірибе жинақтауға жағдай жасау мәселелері қарастырылған. Қарапайым жұмысшылардың да, инженерлердің де арасында қазақ азаматтарының саны басым екен. Бұл қуантады», – деп атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: