Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, республиканың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек батыста күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.
Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел тұрады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында екпіні 30 м/с күшті жел болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!